Құрылыс жұмыстарын биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Сарыағаш қаласында жеке инвестор есебінен 50 пәтерлі 13 тұрғын үй салынып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сарыағаш қаласы, Самал-3 мөлтек ауданында жеке инвестор есебінен 50 пәтерлі 13 тұрғын үй салынып жатыр. Аудан әкімі Арман Абдуллаев құрылыс-монтаж жұмыстарымен танысып, тұрғындарының игілігі үшін салынып жатқандықтан сапалы, берік болуын ескертті.
Бүгінгі таңда жеке инвестордың құрылысшылары тарапынан 3 тұрғын үйдің қабырғалары қаланып, шатыры жабылып, жылыту жүйелерінің құрылыс жүргізілуде. Сонымен қатар тағы басқа тұрғын үйлердің қазаншұңқырлары қазылып, іргетасы қалануда. Құрылыс жұмыстарын биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.