ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 60-қа жуық шипажай жұмыс істеп тұр

0
622

Ауданның туристік әлеуеті артуда.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 60-қа жуық шипажай жұмыс істеп тұр

Сарыағаш ауданына 2023 жылдың 5 айында ауданға 34 мыңға жуық турист келген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарығаш — шипалы суымен күллі Қазақстанға ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де кеңінен танылған аймақ. Тиісінше, бүгінде мұнда дертіне шипа іздеп келушілер саны артып жатыр.


Осыған орай, аудан аумағындағы шипажайлар саны да жыл сайын көбейіп жатыр. Бұл ең алдымен жұмыссыз халықты жұмыспен қамтып, сондай-ақ аудан бюджетінің ұлғаюына өз септігін тигізуде. Сонымен қатар, аудандағы туризм саласының дамуына да айрықша үлесін қосып отыр.


Жерасты суы мың да бір ауруға ем болғасын, тұрақты түрде Сарыағаштан ем алатындар көп. Әсіресе, ағзадағы ішек, асқазан аурулары, сосын өтін алдырғандар үшін таптырмайтын мекен осы саялы Сарыағаш.


Бүгінгі таңда, ауданда 57 шипажай жұмыс істеп тұр. 2023 жылдың 5 айында ауданға 34 мыңға жуық турист келген.