ТҮРКІСТАН: Сарыағашта мектеп директорлығына байқау жарияланды

0
3 672

Аталған лауазымның жалақы мөлшері – 90 715 теңгеден 134 983 теңгеге дейін.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта мектеп директорлығына байқау жарияланды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы №73 мектеп директоры лауазымына конкурс жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Конкурс Сарыағаш ауданының білім бөлімі мекемесінде өтеді. Аталған лауазымның жалақы мөлшері – 90 715 теңгеден 134 983 теңгеге дейін.

Мектеп директорының міндеттеріне нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқару, білім беруді бірлесе іске асыру, оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастыру, оқушылардың заңды құқығы мен мүддесін қорғау, ұйымның мүлкі мен құралдарына басшылық ету, қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі мен жұмсалуы туралы есеп беру және т.б. жатады.

Сондай-ақ, мектеп директоры ҚР Конституциясын, білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды және т.б. заңдарды білуге міндетті.


Мектеп директорының біліктілігіне қойылатын талаптар:

  • жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімнің болуы /педагогикалық немесе бейіні бойынша/;
  • білім беру ұйымдарына немесе ұйымдарды басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы;
  • бірінші, жоғары, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші немесе шебер педагог біліктілік санаттарының болуы;
  • облыстық білім басқармасының кандидатура бойынша келісімінің болуы;
  • сотталмаған болуы тиіс.


Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттар тапсырылады:

  • Конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсетумен қоса өтініш;
  • Мемлекеттік және орыс тілінде түйіндеме;
  • Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  • Нотариалды куәландырылған жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі,;
  • Нотариалды куәландырылған білім туралы құжат көшірмесі;
  • Нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;
  • Бұрынғы жұмыс орны кадр қызметі куәландырылған фотомен кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
  • Т-2 нысандағы жеке парақ;
  • Бар жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
  • Нотариалды куәландырылған бар біліктілік санат нмесе ғылыми дәрежесі туралы құжат көшірмесі;
  • Медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;
  • Тұрғылықты мекен-жайы туралы анықтама;
  • Сотты болмағандығы туралы анықтама;
  • Тесттен өткендігі туралы анықтама /бар болған жағдайда/;
  • Үміткердің даму жоспары.

Құжаттар мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: Сарыағаш қаласы, Уманов көшесі №10 үй. Сарыағаш ауданының білім бөлімі. Анықтама сымтетігі: 2-14-93, 2-16-43.

Айта кетейік, конкурс құжаттарын қабылдау 2019 жыл 22 қаңтар күні аяқталады.

дереккөз: Түркістан облыстық ақпараттық апталық «Сәтті» газеті