ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық фабрика бір жылда 1000 тоннаға жуық өнім шығарған

0
864

Жылына 80 млн. теңге салық төлеп, жергілікті бюджетке кіріс әкеліп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық фабрика бір жылда 1000 тоннаға жуық өнім шығарған

Сарыағаш ауданында шағын және орта бизнесті дамытушылар көп, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданында шағын және орта бизнесті дамытушы кәсіпкерлер жетерлік. Солардың бірі — «Бәйтерек-Шымкент» ЖШС кондитерлік фабрикасының негізін қалаған кәсіпкер Ұлбосын Айдарова. Ол «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорынан несие алып, жұмысын жүргізген. «ЮжКонд» брендімен танылған кондитерлік фабрика бүгінде сапалы өнімдерімен Қазақстанның түкпір-түкпірінде орналасқан сауда орындарын қамтамасыз етуде. Қазіргі таңда фабрикада жылына 1000 тоннаға жуық кондитерлік өнім өндірілуде. Мұнда білікті, кәсіби деңгейдегі кондитерлер тәттінің 40-тан астам түрін дайындап тұтынушыларға ұсынып келеді. Дәмі тіл үйіретін сапалы өнімдерге деген тұтынушылар тарапынан сұраныс жоғары.


Фабрикада айына 70-80 тонна өнім шығарылады. Қанатын кеңге жайған кәсіпорын бүгінгі таңда 50-ден астам тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Бұл аудандағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал етуде. Сонымен қатар аталған кәсіпорын жылына 80 млн. теңге салық төлеп, жергілікті бюджетке кіріс әкеліп жатыр.


Алдағы уақытта кәсіпкер Ұлбосын Айдарова мемлекеттен жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін кеңейтіп, өнімдерін болашақта көрші Ресей мемлекетіне экспорттауды жоспарлап отыр.