ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық кәсіпкер 25 адамды жұмыспен қамтып отыр

0
579

Өнімдері еліміздің барлық ірі қалаларында саудалануда.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық кәсіпкер 25 адамды жұмыспен қамтып отыр

Сарыағаш ауданында бір алқаптан екі өнім алатындардың қатары артуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы экономикасын дамытудың негізгі басымдықтарының бірі – ауыл шаруашылығы саласы. Сондықтан өңірде әрдайым бұл салаға айрықша көңіл бөлініп келеді. Соның ішінде, Сарыағаш ауданының кәсіпкерлері аталған саланы дамыту мақсатында жылына бір алқаптан 2-3 өнім алуға мықтап кіріскен.


Солардың бірі – Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінде орналасқан «Исламбек» шаруақожалығының төрағасы А.Умаров. Жеке кәсіпкер бүгінгі таңда өзінің үйіргелік жер теліміне 2,40 га жылыжай тұрғызып, жылына екі рет өнім алып отыр.


Атап айтсақ, бұл жылыжайдан 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 120 тонна қызанақ жиналған. Жалпы, 25 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отырған жылыжай өнімдері еліміздің барлық ірі қалаларында саудалануда.