ТҮРКІСТАН: Сауран аудандық мәслихатының алғашқы сессиясы өтті

0
933

Бірінші сессиясының күн тәртібінде 7 мәселе қаралды.


ТҮРКІСТАН: Сауран аудандық мәслихатының алғашқы сессиясы өтті

Сауран аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының алғашқы сессиясы өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 12 наурыздағы Жарлығымен жаңадан құрылған Сауран аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының алғашқы сессиясы өтті. Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанболат Ибрагимов аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен таныстырды. Шешімге сәйкес Сауран аудандық мәслихаты депутатарына куәліктер мен төсбелгілерін табыстады. Сауран ауданының дамуына үлес қосуға жасақталған мәслихаттың құрамына «Nur Otan», «Ақжол» және «Ауыл» партияларының мүшелері кірді.

Жетінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихаты депутаттарының тізімі:

1. Абишева Макпал Хайруллакызы;

2. Аринов Ерлан Серикович;

3. Асаев Артур Валиханович;

4. Байменов Ерлан Анварович;

5. Жусипбаев Нуржан Абилдаулы;

6. Кунпейсов Мейрамбек Заманбекович;

7. Садуов Талгат Нуралиевич;

8. Сауранбекова Арай Асановна;

9. Шалданбаев Арман Сапарғалиұлы.

Сауран аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының бірінші сессиясының күн тәртібінде 7 мәселе қаралды. Сауран аудандық мәслихатының хатшысы болып Мейрамбек Кунпейсов сайланды. Сауран аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы құрылып, төрағалары сайланды. «Сауран аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы бекітілді. Сауран аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының шешімімен бюджет, экономикалық даму, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиялары құрылды. Сондай-ақ, мемлекеттік құқықтық, азаматтардың заңдылық мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері, ұлттық саясат, мәдениет және депутаттық этика жөніндегі тұрақты комиссиялары құрылды.