Тазалықты жанына серік еткен саурандықтар бүгін де сенбілік жұмыстарына белсенді қатысып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосуда.
Сауранда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 33 тонна қоқыс шығарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сауран ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сенбілік жұмыстары жалғасын тапты. Ауданда тазалық аптасы тұрақты жүргізіліп келеді. Тазалықты жанына серік еткен саурандықтар бүгін де сенбілік жұмыстарына белсенді қатысып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосуда.
Тазалық жұмыстары Шорнақ ауылдық округі, Қосмезгіл елді мекені, Жаңа мектеп көшесінің бойында ұйымдастырылды. Қызу тазалық жұмыстарына 142 азамат бір кісідей атсалысты. Әр ұжым өздеріне бөлінген 1,2 шақырым көше бойының арам шөптерін шауып, 1 шақырымдық жаяу жүргіншілер жүретін жолдың шеттерін әктеді.
Сонымен қатар аталмыш көше бойындағы қураған ағаштар, арам шөптер шабылып, нәтижесінде 33 тонна қоқыс шығарылды. Оған 4 техника жұмылдырылды. Сенбілікте елді мекендегі жол бойлары мен айналасын тазартып, ағаштардың түбін әктеу, қураған ағаштарды бұтау, арық-атыздарды қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту шаралары қолға алынды. Көше бойы түгел сырланып, әктеу жұмыстары қатар жүргізілді. Айта кетейік, алдағы уақытта аудан көлемінде сенбілік жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.