Кеңес әскерінің ауған жерін біржола тастап шыққанына 33 жыл толуына орай волейболдан жарыс өтті.
Сауран ауданында Ауған соғысында қаза тапқан боздақтарға арналған ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Салтанатты шарада ауған соғысының ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері ескерткішке гүл шоқтарын қойып, батырлар рухына тағзым етті.
Тағылымды іс-шарада облыстық «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Сауран аудандық филиалының төрағасы Тілес Ақай құттықтау сөз сөйледі. Ауған соғысы ардагері сұрапыл соғысты адамзат тарихында қаралы жылдар болып қалатынын айтып, жастарды отансүйгіштікке шақырды.
Сондай-ақ, ауданда кеңес әскерінің ауған жерін біржола тастап шыққанына 33 жыл толуына орай волейболдан жарыс өтті. Ескі Иқан ауылдық округінде ұйымдастырылған турнирге 6 ауылдық округтің спортшылары бақ сынады.
Жарыс нәтижесінде Қарашық ауылдық округінің «Тұран» командасы І орын, Шаға ауылдық округінің «Ынтымақ» командасы ІІ орын, Ескі Иқан ауылдық округінің «Иқан» командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздар мен жүлделі орын иелеріне арнайы алғыс хат және қаржылай сыйлықтар табысталды.