ТҮРКІСТАН: Саураннан рухани керуен келді

0
597

Сауран қалашығының саз кірпіші сыйға тартылды.


ТҮРКІСТАН: Саураннан рухани керуен келді

Түркістанға Сауран ауданынан рухани керуен көші келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«FARAB» кітапханасына «Рухани керуен Түркістанда» акциясы аясында Сауран ауданынан керуен көші келді. Мәдени шара шымылдығы қазыналы қарттар мен аудан өнерпаздарының Жібек жолының бойында орналасқан көне Сауран шаһарының сауда-саттығы мен рухани-мәдени тыныс-тіршілігі дәріптелген қойылыммен бастау алды. Сауда керуені сахналанған көрініспен қатар өнерпаздардың ән шашуы мен қолөнершілердің түрлі бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды.


Сондай-ақ, Сауран қалашығының тарихы таныстырылып, Тәуелсіздіктің отыз жылдық мерейтойына арналған көрме таныстырылды. Жас ақындар Түркістанға арнаған өлеңдерін тарту етіп, көркемсөз оқу шеберлері Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін жатқа оқыды.


Әдеби кешпен өрнектелген шарада «Жан жүрегі ән - Бекжігіт Сердәлі» атты Сауран ауданының тумасы, профессор һәм композитордың ғибратты ғұмыры насихатталды. Шара соңында кітапхана қорына ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 30 дана кітап табысталып, Көк күмбезді кесененің құрылысына пайдаланылған көне Сауран қалашығының саз кірпіші сыйға тартылды.