ТҮРКІСТАН: Саяси сауаты жоғары студенттер анықталды

0
939

Қ.А Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің 11 шәкірті үздіктер қатарынан көрінді.


ТҮРКІСТАН: Саяси сауаты жоғары студенттер анықталды

Түркістандық студенттері еліміздегі жоғары оқу орындары арасында өткен саяси сауаттылық викторинасында жоғарғы орынан көрінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нақтырақ айтар болсақ, Қ.А Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің 11 шәкірті ТМД елдерінің Парламентаралық ассамблеясымен орталық сайлау комиссиясы ұйымдастырған сайыста үздік көрсеткішке қол жеткізді. Осыған орай облыс орталығында жақсы жетістікке жеткен студенттер марапатталды.

Биыл бірінші рет ұйымдастырылған викторинаға еліміздегі жоғарғы оқу орындарынан 170-тен астам студент қатысқан. Олардың 16-сы қазақ-түрік университетінің шәкірті. Викторина кезінде бір студентке сайлау және дауыс беру құқығына қатысты бас –аяғы 50 сұрақ беріліпті. Ал, бұл шараны мақсаты ел жастарының саяси белсенділігін артыру.

"Жалпы соңғы жылдары осы 4-5 жыл көлемінде өткізілген сайлауларда біз байқап жүрміз. Біздің саяси белсенділігі артып келе жатыр. Сол белсенділіктің нәтижесі деп есептейміз. Мынау 170 студент қатысқан жарыстың біздің студенттер жақсы жетістіктен көрінді", - дейді Түркістан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев.

Ердәулет Қазақ-Түрік университетінде мемлекеттік басқару мамандығы бойынша білім алады. Биыл төртінші курста оқитын ол викторинаға қатысып үшінші орынан көрінді. Өз білімін дәлелдейтін шараларға үнемі қатысып жүретін жас өзіне қойылған 50-сұрақтың 38-не сүрінбей жауап берген. Айтуынша, халықаралық ұйым тарапынан ұйымдастырылған шараның барлық сұрағы заңды біліуге негізделген.

"Сұрақтың барлығы конституция бойынша келді. Мен үнемі мұндай жарыстарға қатысып жүремін. Сондықтан бұл жолғы викторина да маған аса қиын болған жоқ", - 4-курс студенті Ердәулет Төрехан.

Соңғы уақытта біздің өңірде саяси шараларға жастарды көптеп тарту ісі жанданып келеді. Оған мысал биыл облыстағы сайлау комиссияларына мүшелерді қайта сайлау кезінде, бұрынғы құрамның 52 пайызы жастарға жаңартылған.

дереккөз: shymkenttv.kz