ТҮРКІСТАН: Шардара ауданының әкімі дарынды оқушылармен кездесті

0
719

Өз атынан бағалы сыйлықтар табыстады.


ТҮРКІСТАН: Шардара ауданының әкімі дарынды оқушылармен кездесті

Шардара ауданының әкімі түрлі сайыстар мен жобалардың үздігі атанған дарынды оқушыларды қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай түрлі сайыстар мен жобалардың үздігі атанған дарынды оқушылар мен әлеуметтік желі арқылы бүкіл елге танылып үлгерген 4 жасар математик Ислам Қанатбекұлын қабылдады.


Шардаралық жас математик әлеуметтік желіде есепке жүйрік қасиетімен көпшілікті таңдай қақтырған болатын. Қазнетте тараған видео 1 күн үшінде миллиондаған қаралым жинап, жас балаға жұрттың ықыласы ауды. Ол ондықтар мен мыңдықтарды еркін алып-қоса алады.


"Адамның қалыптасуы бала кезден басталады. Соның бір дәйегі - біздің 4 жасар бүлдіршініміз Ислам Қанатбекұлы әлеуметтік желіде дүйім елді өзіне қаратып, ауданымыздың атын асқақтатып жатыр. Осындай дарын иесін әлеуметтік желіге жүктеп, кішкене ғана Исламды елге танытып жатқан біздің Шадияр мен Мейіржанға да рахмет айтамыз", - деді Қ. Жолдыбай.


Одан бөлек, аудан әкімі жас дарынды оқушылардың «El umiti» бастамасын іске асыру аясында елімізде талантты жастарды қолдауға бағытталған жоба туралы да пікірін білдірді.


«Балалар жылы» аясында Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы мен «Turkistan TV» телеарнасының ұйымдастыруымен өткізілген «Күлтегін» зияткерлік ойынына қатысып, үлкен марапаттарға ие болды. Жаны таза, пейілі ақ өздеріңдей талантты жастардың ауданымызда өсіп келе жатқаны біздің көңілімізге қуаныш сыйлайды", - деді Қ.Жолдыбай.


Жиын соңында аудан әкімі оқушыларға ризашылығын жеткізіп, өз атынан Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыстады.