Аталмыш акцияның өтуіне Шардара аудандық орталық ауруханасының 9 хирург-дәрігерлері мен медбикелері атсалысты.
Шардара ауданының орталық ауруханасында көп балалы отбасылардың 103 бүлдіршіні тегін сүндеттелді деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Аталмыш игі істің өтуіне Шардара аудандық орталық ауруханасы мұрындық болды.
Аудандағы көп балалы аналарды қолдау мақсатында орталық ауруханадың «Амбулаториялық хирургия» бөлімінде мұсылманның сүннеті, яғни, балаларды сүндеттеу (циркумцизия) акциясы болып өтті. Шараның ашылу салтанатында Шардара аудандық орталық мешітінің қызметкерлері қатысып, құран оқылды. Мұсылмандық парыздар мен ата-ананың перзенттері алдындағы жауапкершіліктері, ал, перзенттерінің ата-ана алдындағы міндеттері мен парызы жайында ғибратты әңгімелер айтылды. Ұлды сүндеттеудің негізгі қағидаларымен таныстырды.
Аталмыш акцияның өтуіне Шардара аудандық орталық ауруханасының 9 хирург-дәрігерлері мен медбикелері атсалысты. Таң азанымен басталған акция аясында қала және ауылдық округтерден 103 бүлдіршін тегін сүндеттелді.