ТҮРКІСТАН: Шардарада дүниеге келген үшемдердің отбасына баспана берілді

0
1 880

2018 жылдың наурыз айында Ерасыл, Нұрасыл және Жанасыл есімді үшемдер өмірге келген 5 перзентті отбасы баспаналы болды.


ТҮРКІСТАН: Шардарада дүниеге келген үшемдердің отбасына баспана берілді

Шардара ауданындағы Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде өткен жылдың наурыз айында өмірге келген үшемдердің отбасына баспана берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев қатысып, игі шара елорда атауының «Нұр-Сұлтан» қаласы болып өзгертілуі аясында және Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері» бағдарламалық тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып отырғанын тілге тиек етті.
Жаңа пәтерге ие болғандардың бірі – былтырғы жылдың наурызында Ерасыл, Нұрасыл және Жанасыл есімді үшемдерді өмірге әкелген 5 перзенттің анасы Гүлжанат Пернебаева. Бұған дейін баспанасыз пәтер жалдап, күнелтіп келген үшемнің ата-анасы Мұхтар мен Гүлжанат өз үйлері болғанына қуанышты. Жас отбасын баспанамен қамтып, жаңа үйге кілем сыйлаған аудан басшыларына айтар алғыстары шексіз.

Мұнан да басқа қос қабатты он пәтердің бірі учаскелік полиция инспекторы Дүйсенбек Мұсабековке берілсе, тағы төрт пәтер «Ш.Уәлиханов» және «А.Әлімбетов» жалпы орта мектептерінің ұстаздарына қызметтік пәтер ретінде тапсырылды. Қалған төрт пәтерге «7-20-25» бағдарламасы аясында кезекте тұрған ауыл тұрғындары қол жеткізбек.