Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі жылдағыдан жоғары болып отыр.
Шардара ауданының қырманына 6 мың тонна мақта мен 4 мың тоннадай күріш жиналды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шардара ауданында күзгі жиын-терім науқаны жүріп жатыр. Аудандағы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі жылдағыдан жоғары болып отыр. Қазірдің өзінде аудан қырманына 6 мың тоннаға жуық мақта жиналды.
Жалпы жиналған өнімнің 3,5 мың тоннадан астамы техника күшімен жиналған. Комбайндар күн сайын 800 тоннадай мақта өнімін теріп жатыр.
Сондай-ақ, Шардара ауданында күріш ору науқаны да қарқын алған. Бүгінге дейін 3800 тоннадан астам күріш салысы жиналып, өнімділік гектарына 71,4 центнерден түсуде.