ТҮРКІСТАН: ​Шардаралық қыздар арасында тұңғыш ел чемпионы атанды

0
1 251

Аяжан Тұрсынбай 4 рет облыс, 8 рет аудан чемпионы, 3 рет республикалық турнирлердің жеңімпазы атанған.


ТҮРКІСТАН: ​Шардаралық қыздар арасында тұңғыш ел чемпионы атанды

Аяжан Тұрсынбай - Шардара ауданының тарихында ауыр атлетикадан қыздар арасынан шыққан тұңғыш ел чемпионы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қостанайқаласында өткен ауыр атлетикадан 2003 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында 40 келі салмақта шардаралық Аяжан Тұрсынбай чемпион атанды.

2003 жылы өмірге келген Аяжан Тұрсынбай отбасында екінші перзент. Өзінен үлке әпкесі, өзінен кейін екі інісі мен екі сіңлісі бар. Әкесі Қуаныш қарапайым құрылысшы болса, анасы Гүлнар үй шаруасында.

Бүгінде Шардара қаласындағы N1 М.Әуезов жалпы орта мектебінің 10-сыныбында оқитын Аяжан спорттың ауыр атлетика түрімен 2018 жылдан бері айналысып келеді.

«Менің арманым – елімнің, туған жерімнің абыройын асқақтату, мерейін өсіру. Әлемдік ареналарда қазақтың жігіттерінің ғана емес қыздарының да намысшыл, күшті екенін дәлелдеу. Байрағымызды биікте желбіретіп, Әнұранымызды шырқату»,- дейді жас чемпионның өзі.

Шардара ауданының тарихында ауыр атлетикадан қыздар арасынан тұңғыш ел чемпионы атанған Аяжан Тұрсынбай бұған дейін 4 рет облыс, 8 рет аудан чемпионы, 3 рет республикалық турнирлердің жеңімпазы атанған.