«Түркістан – Шәуілдір» автожолының ІІІ учаскесінде асфальт төсеу жұмыстары аяқталды

0
385

Нысанның қайта құру жұмыстары 2025 жылға өтпелі.


«Түркістан – Шәуілдір» автожолының ІІІ учаскесінде асфальт төсеу жұмыстары аяқталды

«Түркістан – Шәуілдір» автомобиль жолының ІІІ учаскесінде асфальт жабындысын салу жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Түркістан – Шәуілдір» автомобиль жолының ІІІ учаскесінде (ПК291 +00 – ПК465 +00) асфальт жабындысын салу жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі таңда жолдың жиектеріне шағалы тас төсеу жұмыстары, жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл қайта құру жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жол құрылысының сапасы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауында.


Одан бөлек, аталған жолдың I учаскісінде (11,4 шақырым) қайта құру жұмыстарын бастауға биыл 300,0 млн. теңге қаржы қаралған. Жобаға сәйкес 9 жерде айналма жол ұйымдастарылып, су өткізгіш құбырларын ауыстыру жұмыстары мердігер мекеме «Алем Транс Жол» ЖШС-і тарапынан жүргізілуде. Нысанның қайта құру жұмыстары 2025 жылға өтпелі.


Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен тұрақты түрде сапаны бақылау жұмыстары жүргізіліп келеді.