ТҮРКІСТАН: Шекарадан өтетін азаматтарды COVID-19-ға қарсы тексеру қатаң жүргізіліп жатыр

0
411

Жыл басынан бері аталған шекара бекеттерінен 167 490 жолаушы


ТҮРКІСТАН: Шекарадан өтетін азаматтарды COVID-19-ға қарсы тексеру қатаң жүргізіліп жатыр

Түркістан облысында шекара бекеттерінен өтетін азаматтарды COVID-19 қарсы тексеру қатаң бақылауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының территориясында Өзбекстан Республикасымен шектесетін Келес, Сарыағаш, Мақтаарал аудандарына қарасты 5 бірдей шекара бекеттері орналасқан. “Қонысбаев”, “Қапланбек”, “Жібек жолы”, “Қазығұрт”,“Атамекен”пункттерінен күніне мыңнан аса жүргізушілер мен жолаушылар өтеді.


ҚР БМСД-ніңкоронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы қолданыстағы қаулыларына сәйкес, транзитттік және жүк тасымалымен айналысатын басқа елдің азаматтарының ПТР анықтамасы немесе вакцина паспорты болмаған жағдайда ҚР–на кіруіне жол берілмейді, кері қайтарылады.


Дәл осы жағдайда ҚР-ның азаматтары ПТР сынама тапсырып, ел аумағына өткізіледі. Сонымен қатар, Мажарстан, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы, Молдова және Түркия мемлекеттері азаматтарының паспорттары, сертификаттары мен анықтамалары ҚР-да жарамды.


Жыл басынан бері аталған шекара бекеттерінен 167 490 жолаушы, 117 798 жүргізуші өткен.50 848 ПТР тест тапсырып, нәтижесінде 121 жолаушы, 35 жүргізушіден COVID-19 инфекциясы анықталған.


Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне қарасты басқарма мамандары меншекара қызметкерлері бірлесе, кеден бекеттеріндегісақтық шараларын қатаң бақылауда ұстап, ҚР БМСД қаулысында көрсетілген талаптардың орындалуы бойынша жұмыстар жүргізуде.