ТҮРКІСТАН: Шұбарсу тұрғындары жыл соңына дейін ауызсумен қамтылады

0
837

Ауызсу құбырын, электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде.


ТҮРКІСТАН: Шұбарсу тұрғындары жыл соңына дейін ауызсумен қамтылады

Шұбарсуда жыл соңына дейін ауыз сумен қамту жұмыстары аяқталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазіргі таңда Ордабасы ауданына қарасты Шұбарсу елдімекенінде кезең-кезеңімен газдандыру, ауыз су құбырын, электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы шұбарсулықтармен кездескен аудан әкімі Нұрбек Бадырақовайтып беріп, алдағы уақытта қолға алынатын жобалар туралы баяндады.


Мәселен, газдандырудың барлық кезеңін қосқанда жұмыстарды тамыз айында толық аяқтау көзделіп отыр. Сондай-ақ, су құбырлары да қараша айында толық тартылып, абоненттерге сапалы ауызсу берілмек. Одан бөлек, жарықтандыру жұмыстары да тамыз айында бітіп, жыл соңына дейін Шұбарсудың тұрғындары толықтай сапалы электр энергиясын пайдаланатын болады. Оған қоса, осы жылы бірнеше көше орташа жөндеуден өткізіліп, бірқатарына тас төселеді.


Тағы бір айта кетерлік жаңалық – 2024 жылы Шұбарсуда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында екі мектептің құрылысы басталатын болады. Сонымен бірге, 12,8 га жерге жылыжай кешенін салу жоспарлануда. Аталған жоба іске асырылса, жылыжай шаруашылығымен айналысуға ниетті 60 адамға 0,15 гектар жерден беріледі.