Аталған төлемдер 3 мамырға дейін толық төленеді.
Түркістан облысында екінші дүниежүзілік соғыстың 11 ардагеріне 1,5 млн теңгеден беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Биыл жалпы 3654 ардагер мен тыл еңбеккерлеріне Ұлы Жеңіс мерекесінің құрметіне бір реттік материалдық көмек төлеу үшін аудандық, қалалық бюджет есебінен 176,5 млн теңге қаржы бөлінді. Аталған төлемдер 3 мамырға дейін толық төленеді. Оның ішінде 11 Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне 1500,0 мың теңге, кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарға, ҰОСҚ, ҰОСМ теңестірілген басқа да санаттарға 100 мың теңгеден, блокадалық Ленинградтың тұрғындарына 60 000 теңгеден, тыл еңбеккерлеріне 30 000 теңгеден (3522 адам) беріледі.
Жеңіс күнінде Түркістан қаласындағы «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою жоспарланып отыр. Сонымен қатар патриотизм мен отансүйгіштік рухты нығайту мақсатында белгілі тарихи тұлғалардың, батырлардың ескерткішіне гүл шоқтарын қою, волонтер жастардың күшімен ҰОС қатысушылардың тұрмыстық жағдайына көмектесу, «Ардағым ардагерім» акциясы өткізіледі деп күтілуде.
Айта кетейік, Түркістан облысынан Ұлы Отан соғысына 140 мыңнан астам азамат аттанған. Оның ішінде 51-і Кеңес Одағының батырлары және 8 - і III дәрежелі «Даңқ» ордені кавалерлері атағын алған.