ТҮРКІСТАН: Созақтық полицей адасып қалған азаматтарға көмек көресетті

0
917

Көлік ішінде жүргізушінің 1,5 және 3,5 жасар кішкентай қыздар, жұбайы болған.


ТҮРКІСТАН: Созақтық полицей адасып қалған азаматтарға көмек көресетті

Полицейлер адасып, көлігінің жанармайы таусылып, кішкентай қыздарымен жолда қалған азаматқа көмек көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Созақ АПБ-не «102» телефоны арқылы Нұр-Сұлтан қаласынан келе жатып, жолда адасып қалып, батпаққа батып, жанар-жағармайы таусылғанын айтып бір азамат көмек сұрайды. Келіп түскен ақпарат бойынша, Созақ АПБ-нің ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Дидар Утешов тез арада іске кірісіп, хабарлама түскен аймаққа аттанады. Ауылдың ой-шұқырын жаттап алған полицей жылдам әрекет етіп, оқиға орнына жетіп, өз жеке көлігімен адасып қалған отбасын құтқарады.

Полицейлердің анықтауынша, көмек сұраған отбасы өздерінің жеке көліктерімен Нүр-Сұлтан қаласынан ата-аналарының үйіне қыдырып келе жатқан беттері екен. Көлік ішінде жүргізушінің 1,5 және 3,5 жасар кішкентай қыздар, жұбайы болған. Жолда келе жатып адасқан азаматтың бір сәтте көлігінің жанармай таусылады, өзінің қай жақта жүргендігін білмейді, тіпті желі жоғалып, байланысу мүмкін болмай қалады. Айдалада қалған отбасы ары-бері жүріп, кенет ұялы телефонында байланыс пайда болып, полицейлерден көмек сұрап үлгереді. Өз кезегінде, айдың-күннің аманында адасып қалған жүргізуші Созақтық полицейлерге алғысын жаудырды.

«Әуелі Алла, одан кейін полиция майоры Дидар Утешовтың арқасында бүгін біздер аман-есенбіз. Айдалада көлік жүрмейді, ас-суымыз таусылған, тіпті ұялы телефонда байланыс жоқ жерде кішкентай қыздарымызбен қалып кеттік. Мүмкіншілік пайда болысымен бірінші кезекте полицейлерге хабарластым. Рахмет, ол тез арада бізді тауып алды. Көмек көрсетті, өз ісінің нағыз маманы екен, полицей-қамқоршы, қолдаушы бола білді»-деп жүрекжарды лебізін білдірді.