ТҮРКІСТАН: Суға шомылу ережелерін бұзған 30-дан астам азамат жауапқа тартылды

0
937

Белгіленбеген аймақтарға суға түсіп, өмірлеріңізге қауіп төндірмеңіздер.


ТҮРКІСТАН: Суға шомылу ережелерін бұзған 30-дан астам азамат жауапқа тартылды

Түркістан облысында суға түсу қағидаларын бұзған 32 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында су айдынына шомылушыларға қатаң ескертулер жасалып жатыр. Себебі, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайтын демалушылар әрекетінің соңы қайғылы жағдайларға ұласып жатады. Аптап ыстықта судың жағасына келіп, салқындағысы келетін тұрғындар көбіне қауіпсіздік қағидаларын қаперіне де ілмей, түрлі жағдайларға душар болады. Осындай сәтсіздіктердің алдын алу мақсатында Ордабасы АПБ-ның қызметкерлері аудандық төтенше жағдайлар мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Онда белгіленбеген орындарда азаматтар мен жасөспірімдердің шомылуына тыйым салумен қатар суда шомылу және алғашқы көмек көрсету ережелерін түсіндірді.


Сонымен қатар, тәртіп сақшылары 32 азаматқа қатысты «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу»жайты бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабымен хаттама толтырды. Осы тұста Түркістан облысының полицейлері қарапайым ережелерді сақтау өз қолыңызда екенін ұмытпауға шақырады. Белгіленбеген аймақтарға суға түсіп, өмірлеріңізге қауіп төндірмеңіздер.