ТҮРКІСТАН: Сұлулық салонында қасын боятқан әйел өлім құша жаздады

0
1 799

Жетісай қаласының тұрғыны сұлулық салонында қасын боятқан әйелдің денсаулығы нашарлап, ауруханаға түскен. Дәрігерлер оған «контауный дермотит» деген диагноз қойып емдеп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Сұлулық салонында қасын боятқан әйел өлім құша жаздады

Жетісай қаласындағы сән салондарының бірінде қасын боятқан келіншек өлім құша жаздады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


25-наурыз күні сағат 17:00 шамасында Жетісай қаласындағы сұлулық салондарының бірінде қасын боятқаннан кейін Құралай Өтегенованың денсаулығы күрт төмендеп, ауруханаға түскен.
“Менің қасымды Айдана есімді мастерге істеттім. Басында бәрі жақсы болды. Үйге келген соң қызуым көтеріліп, бет-ауызым ісіне бастады. Болмаған соң қасымды боятқан келіншекке қоңырау шалып мән-жайды айттым. “Ондай-ондай болады, әпше” деген Айдана нақты ештеңе айтпады” - дейді ол.
Айтуынша, алғашында осылай болып кейін басылар деп ойлап, шыдауға әрекет жасап көрген. Алайда, қасының боялған жерлері қышып, ақыр соңында жағдайы мүлдем нашарлай бастаған соң жедел жәрдем шақырып, ауруханаға кетеді.

Тілшіміздің сұлулық салонындағы қас бояғыш маманмен бұл мәселе төңірегінде сөйлеспек болған әрекеті түк нәтиже бермеді. Ол тіпті, өзі кәсіп етіп отырған салаға арнайы рұқсат қағазы (сертификат, диплом, лицензия) бар-жоғын да көрсетпеген.

Ал, жәбірленуші бүгінде Жетісай аудандық ауруханасының терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр

«Науқас жедел жәрдеммен ауруханаға келгені рас. Қасынан аллергия беріп, бет-ауызы іскент. Біз тексере келе «контауный дермотит» деген диагноз қойдық. Науқастың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық, өміріне ешқандай қауіп жоқ. Дексометизон, аллергофест екпелері жасалып, гидрокартизон жақпа майы белгіленген. Енді азаматшаға иіс сабындар мен иіс суларды, цитрусты өнімдерді (апельсин, мандарин, банан, лимон, киви, ананас т.б) пайдалануға болмайды. Бізден ем қабылдап шыққан соң аллергоорталыққа барып толық тексеруден өтуі, есепке тұруы керек» - дейді терапия бөлімінің меңгерушісі Халима Айдарбекова.