ТҮРКІСТАН: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға өзгерістер енгізілді

0
796

Жемқорлық фактісіне кезіккен жағдайда азаматтар тәулік бойы жұмыс істейтін 1424 Call-орталығына хабарласа алады.


ТҮРКІСТАН: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға өзгерістер енгізілді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Мемлекеттік қызметшілерге кез-келген құнды сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қылмыстық кодекстің 367-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлерге құны 2 айлық есептік көрсеткіштен асатын сыйлықтар тарту қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады. Бұл жөнінде Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай мәлімдеді.

Департамент тарапынан атқарылған жұмыстар туралы баяндаған Мирас Асқарбайұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға өзгерістер енгізілгендігін атап өтті. Негізінен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында Департаментпен ағымдағы жылдың 9 айында облыс бойынша 700 мыңға жуық адамды қамтыған 1337 түрлі бағытта іс-шара ұйымдастырылған.

«Жаңа заңнамаға сәйкес, сыбайлас жемқорлық субъектісі болып табылатын квазимемлекеттік сектордың лауазымды тұлғаларының тізімі кеңейді. Сонымен бірге, мемлекеттік функцияларды атқаруға байланысты лауазымға кандидаттар ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары туралы жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Сондай-ақ, қылмыстық кодекске «қылмысқа арандату» деген бап енгізіліп, ол тек парақорлықпен шектелмей, кез-келген қылмысты қамтитын болады. Жемқорлық фактісіне кезіккен жағдайда азаматтар тәулік бойы жұмыс істейтін 1424 Call-орталығына хабарласа алады», – М. Асқарбайұлы.