ТҮРКІСТАН: Табиғи газбен қамтылған халық саны 1,4 млн-ға жетеді

0
420

Жыл соңында 444 елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етіледі.


ТҮРКІСТАН: Табиғи газбен қамтылған халық саны 1,4 млн-ға жетеді

Түркістан облысында табиғи газбен қамту бойынша биыл 87 нысанның құрылысына 13,8 млрд.теңге бөлінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарына» сәйкес, тұрғындарды табиғи газбен қамту бойынша биыл 87 нысанның құрылысына 13,8 млрд.теңге бөлінді. Соның ішінде 24 нысан биыл пайдалануға берілсе, қалған 51 нысан келер жылға өтпелі. Нәтижесінде, жыл соңында 444 елді мекен немесе 1,4 млн. халық (66,6%) табиғи газбен қамтамасыз етіледі.


Ал, сапалы электр жарығымен жабдықтау бойынша биыл 6,7 млрд. теңге қаралып, 34 нысанның құрылысын жүргізу жоспарлануда. Биыл 7 нысан пайдалануға беріледі. 27 нысанның құрылысы 2022 жылға өтпелі. Нәтижесінде 13 елді мекендегі 13,5 мың тұрғын сапалы, тұрақты электр қуатымен қамтылады.


Сонымен қатар, Келес ауданында 220 кВ-тық «Қызыләскер» қосалқы станциясының және 110 кВ-тық электр желісінің құрылысын аяқтап, ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, 705 мың тұрғын, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық нысандары тұрақты және сапалы электр қуатымен қамтылады. Түркістан облысы бойынша биыл 321 нысан, не 1200 шқ. жуық жолдар мен көшелер жөнделеді. Жыл қорытындысымен жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 79%-дан 89%-ға дейін арттыру жоспарлануда.