ТҮРКІСТАН: Тағы бір ана үшем дүниеге әкелді

0
730

Бір ұл, екі қыз босанды.


ТҮРКІСТАН: Тағы бір ана үшем дүниеге әкелді

Түркістан облысында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының № 1 облыстық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Нақтырақ айтсақ, ана бір ұл, екі қыз босанды.


Жаңа туған нәрестелерге Марғұлан, Сафия, Самин есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 2260 гр, 1570 гр және 995 гр болды. Мерзімінен ерте дүниеге келген үшем перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған.


Медицина қызметкерлерінің көмегімен балалардың жағдайы тұрақты. Үшем дүниеге келген отбасының екі ұлы бар. Көпбалалы ана сұлулық салонында жұмыс істейді.


Үшемнің әкесі – электрик-монтажшы. Бұған дейін 2 баласы бар отбасының перзенттері осылайша бес балаға көбейді.