ТҮРКІСТАН: Тағы бір үшем дүниеге келді

0
1 133

Анаға жасалған жедел ота сәтті өтті.


ТҮРКІСТАН: Тағы бір үшем дүниеге келді

Түркістан облысының 33 жастағы тұрғыны үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының №1 перинаталдық орталығында 33 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелді. Мерзіміне жетпей толғағы басталғандықтан білікті дәрігерлердің қатысуымен әйелге жедел ота сәтті жасалған болатын.


Нәтижесінде, Набат Садыкбекова №1 облыстық перинаталдық орталығында үш ұл босанды. Жаңа туған нәрестелерге Омар, Осман, Мухамед-Али есімдері берілді.


Нәрестелердің салмағы 1850 гр, 1490 гр, 1550 гр болған. Мерзімінен ерте туылған үшемдер периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлерінің көмегімен балалардың жағдайы тұрақты, үшемдер перзентханадан шығуға дайын.