ТҮРКІСТАН: Тауда жоғалған жеті жігіттің үшеуі құтқарылды (видео)

0
845

Тау-тастың арасынан аман алып шықты.


ТҮРКІСТАН: Тауда жоғалған жеті жігіттің үшеуі құтқарылды (видео)

Түркістан облысының құтқарушылары жоғалған жеті жігіттің үшеуін тауып, құтқарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Қазавиақұтқару тікұшағымен әуеден барлау барысында Сайрам-Өгем шатқалында жоғалған жеті жігіттің үшеуі табылғанын хабарлаған едік. Құтқарушылар оларды тау-тастың арасынан аман-есен алып шыққан.

Қазіргі уақытта қалған 4 туристі іздестіру жұмыстары жалғастырылып жатыр. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, шекара қызметінің ат патрулі, ұлттық парк қызметкерлері және жоғалған адамдардың туыстары, сондай-ақ Қазавиақұтқарудың екі тікұшағы жұмылдырылған.

Еске сала кетейік, 25 мамыр күні құтқару қызметіне Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Олар 21 мамырда туристер «Сары-Айғыр» шатқалына жаяу бет алған. Құтқарушыларға хабарласқан адамның айтуынша, туристер 24 мамырда қайта оралуы керек болған.