ТҮРКІСТАН: Тәуелсіздік жылдары 300-ге жуық кәсіпорын ашылған

0
463

Индустриализациялау картасы аясында 122 жоба іске асырылған.


ТҮРКІСТАН: Тәуелсіздік жылдары 300-ге жуық кәсіпорын ашылған

Түркістан облысында Тәуелсіздік жылдары 300-ге жуық кәсіпорын ашылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы» өткен брифинг барысында айтты.


«Тәуелсіздік жылдары 300-ге жуық кәсіпорын ашылып, онда 23 мыңға жуық адам жұмыс атқаруда», - деді облыс әкімі.


Сондай-ақ, индустриализациялау картасы аясында (2010-2020 жж.) 140 млрд. теңгеден астам қаржыға 122 жоба іске асырылып, 7 340 тұрақты жұмыс орны ашылған.