​ТҮРКІСТАН: Таулы аймақтағы автожолдарда жылыту бекеттері жұмыс істеуде

0
1 364

Қардың басып қалу ықтималдығы жоғары ол аумақтарда 4 жылыту бекеті орналасқан.


​ТҮРКІСТАН: Таулы аймақтағы автожолдарда жылыту бекеттері жұмыс істеуде

Жылыту бекеттері азық-түлікпен, төсек орынмен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында жалпы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 4152,34 шақырымды құрайды.

Қазіргі таңда жолдың 1943,3 шақырымы бірінші кезектегі қардан тазаланып, инертті материалдар себілуде. Өзге 434 шақырым жол таулы аймақтарда қар қатты басып қалу қаупі жоғары аймақтар болып саналады.

Қардың басып қалу ықтималдығы жоғары ол аумақтарда 4 жылыту бекеті орналасқан. Атап айтқанда, Бәйдібек ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-1 «Қошқарата-Жарықбас-Бірлік» автожолының 97-142 шақырым (45 шқ) аралығы асулардан тұрады, осы жолдың 128-шақырымында «Шыбықбел» жылыту бекеті бар. Сондай-ақ, КХ-2 «Ұланбел-Созақ-Шаян-Екпінді» автожолының асулардан тұратын 603-628 шақырымындағы (25 шқ) 605-шақырымында «Одаманбұлақ» жылыту бекеті орналасқан.

Ал, Созақ ауданында облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында КХ-56 «Жамбыл обл. шекарасы-Құмкент-Шолаққорған-Кентау» автожолының 57-76 шақырым (19 шқ) аралығы асулардан тұрады, осы жолдың 63-шақырымында «Ащысай» жылыту бекеті орналасқан. Бұдан бөлек, КХ-2 «Ұланбел-Созақ-Шаян-Екпінді» автожолының 588-603 шақырымы (15 шқ) асулар, аталған жолдың 593-шақырымында «Таскөмірсай» жылыту бекеті жұмыс істеп тұр.

Айта кетерлігі, жоғарыда аталған жылыту бекеттері бір мезгілде 40 адамды қабылдауға мүмкіншілігі бар. Жылыту бекеттері азық-түлікпен, төсек орынмен қамтамасыз етілген және әзірленген отындар жылыту бекеттерін жылы күйде ұстауға толық жеткілікті. Тәулік бойына жылы күйде ұстау үшін кезекшілік ұйымдастырылған. Қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алып, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жылыту бекеттері қызмет етуге дайын және бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауға алынған.