ТҮРКІСТАН: Тірек-қимыл аппараты бұзылған 12 бала аяққа тұрды

0
1 083

11 баланың диагноздары жеңілдетілді.


ТҮРКІСТАН: Тірек-қимыл аппараты бұзылған 12 бала аяққа тұрды

Келес ауданында тірек-қимыл аппараты бұзылған 12 бала аяққа тұрды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданының орталығында 2019 жылдан бері «Даму» мүгедектер қоғамы қоғамдық бірлестігі жұмыс істеп келеді. Аталған орталықта ерекше күтімді қажет ететін жандарға қызмет көрсетіледі. Бүгінге дейін оңалту орталығына Келес аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен 87 адамға жолдама берілген.


«Қазіргі таңда орталықта 18 жасқа дейінгі 60 мүмкіндігі шектеулі бала қызмет алуда. Орталық таңғы 09.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Күніне 4 мезгіл тамақтандыру қарастырылған. Білікті логопед, дефектолог, психолог, массаж және ЛФК мамандары жұмыс істейді. Осыған дейін тірек-қимыл аппараты бұзылған 12 бала аяққа тұрып, тұсау кесерін жасадық», – дейді «Даму» мүгедектер қоғамы қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Жұлдыз Уалиханова.


Сонымен қатар орталықтың қызметін пайдаланған тіл мүкістігі бар 14 бала алғашқы сөздерін айтып, 8 бала жалпы білім беретін мектепке ауысқан. Аутизм дертіне шалдыққан 3 баладан нәтиже шығарып, 11 баланың диагноздары жеңілдетілді.