ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданының жолдарына 3 блок-бекет қойылды

0
561

Заңсыз өту, тәртіп бұзу фактілері анықталмаған.


ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданының жолдарына 3 блок-бекет қойылды

Төлеби ауданының аумағында блок-бекеттер қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 5 қаңтардан бастап облыс аумағына төтенше жағдайлар енгізілген болатын. Осыған байланысты Төлеби ауданының сыртқы шекараларына кіруді және шығуды бақылау үшін жолдарға 3 блок-бекет қойылды. Ауданға келген көліктер тоқтатылып, жолаушылардың құжаттары тексеріліп, аймаққа келудегі мақсаттары анықталуда. Бекетті күзетіп тұрған әскерилер ауданға кіріп-шығатын әрбір көлікті жіті тексеріп жатыр.


Сонымен қатар, әлеуметтік және стратегиялық маңызы бар нысандар да күзетілуде. Тексеру барысында бекеттен заңсыз өту, тәртіп бұзу фактілері анықталмаған. Ауданда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Бүгінде аймақта түнгі сағат 23.00 мен таңғы 7.00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді.