Атап айтсақ, демалыс аймақтары, қонақүй мен спорт кешені, оңалту-сауықтыру орталықтары бар.
Төлебиде 2025 жылға дейін туризм саласында 10 ірі жоба іске асырырылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Төлеби ауданында туристік сервистік қызмет жақсарып, демалушылар саны артты. «Тау самалы» шаңғы базасына, демалыс аймағына 2023 жылдың 1 желтоқсанынан осы күнге дейін 4500-ден астам турист келген. Жалпы, аудан аумағында демалушыларға қызмет көрсететін орындар саны – 140. Өткен жылы бұл саланы дамытуға бағытталған инвестиция көлемі 3 млрд. 529,6 млн. теңгені құрап, жыл көлемінде 8 ірі демалыс аймағы іске қосылды.
Сондай-ақ 2025 жылға дейін осы салада құны 4,5 млрд. теңге болатын 10 жобаны іске асыру жоспарлануда. Атап айтсақ, демалыс аймақтары, қонақүй мен спорт кешені, оңалту-сауықтыру орталықтары бар. Нәтижесінде, келуші туристер санын 55 мың адамға жеткізу көзделіп отыр.