ТҮРКІСТАН: Төлебиде 150-ден астам азаматқа мемлекеттік грант берілген

0
497

118 азамат «Бастау бизнес» арқылы кәсіпкерліктен дәріс алған.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде 150-ден астам азаматқа мемлекеттік грант берілген

Төлеби ауданында «Еңбек» бағдарламасымен 150-ден астам үміткер мемлекеттік грант алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаппай кәсіпкерлікті дамыту ісі сәтті жүзеге асырылып келеді. Биылғы жылы 156 үміткер мемлекеттік грант алған. Оның ішінде 118 азамат «Бастау бизнес» арқылы кәсіпкерліктен дәріс алса, 9 азамат қысқа мерзімді кәсіптік білім алған. Ал, атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 29 отбасы грант иегері атанды.


Сондай-ақ, кәсібін дамытушыларға бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие ұсынылған.


Айта кетсек, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы грант қаражаттарын бұрын бағдарлама шеңберінде грант алмаған қатысушылар иеленді. Оның ішінде жастар, көпбалалы және табысы аз отбасылардың мүшелері, еңбек етуге қабілетті мүгедектер, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар грант иегерлері атанды. Ал «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлер грантқа үміткер болды. Нәтижесінде бүгінде 36 көпбалалы отбасы, пробация қызметі есебінде тұрған 4 адам және 48 жас өз кәсібін бастауға мүмкіндік алып отыр.