ТҮРКІСТАН: Төлебиде 1500-ге жуық оқушы мектеп бітірді

0
509

23 түлек «Алтын белгіге» үміткер.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде 1500-ге жуық оқушы мектеп бітірді

Төлеби ауданындағы барлық мектептерде соңғы қоңырау мерекесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Төлеби ауданындағы барлық мектептерде соңғы қоңырау мерекесі аталып өтті. Леңгір қаласындағы №1 мектеп-гимназиясында өткен жиынға аудан әкімі Төлеген Телғараев қатысып, арнайы қонағы болды.


Аудан басшысы іс-шараға жиналған барша ата-аналарды, ұстаздарды, оқушыларды және мектеп бітіруші түлектерді мерекемен құттықтады. Сондай-ақ білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар ұстаздар мен озат оқушыларды дипломдар және алғыс хаттармен марапаттады.


«Ақыл – тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен» деген халық даналығы. Сондықтан да қай кезде де білім алып, ерінбей еңбектеніп, тек жақсы жетістіктеріңмен, жоғарғы көрсеткіштеріңмен қуанта беріңдер. Мен сіздерге аудан жұртшылығы атынан жоғары білімді жақсы азамат, білікті маман болып, болашақта ауданымыздың өркендеуіне лайықты үлес қосады деп сенім білдіремін. Үлкен өмір жолына бастар қадамдарыңыз сәтті болсын! Бәріңізге ақ жол тілеймін!», - деді аудан басшысы өз құттықтауында.


«Сыңғырла соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын барысында аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің мамандары, ұстаздар, ата-аналар, мектеп бітіруші түлектер сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді. Мектеп оқушылары өздері дайындаған концерттік бағдарламасын тарту етті. Шараның соңында мектеп бітіруші түлектер қоштасу вальсін билеп, соңғы қоңырау соғылды.


Айта кетейік, биылғы оқу жылында аудан бойынша 1451 түлек алтын ұя мектебімен қоштасты. Оның ішінде 23 түлек «Алтын белгіге» үміткер.