ТҮРКІСТАН: Төлебиде 200-ге жуық пәтер пайдалануға беріледі

0
734

6 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде 200-ге жуық пәтер пайдалануға беріледі

Төлеби ауданында 9 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Төлеби ауданы, Ленгір қаласында 180 пәтерлі 9 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, нәтижесінде 6 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Ал, 3 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, тұрғын үй кезегіндегі 4520 адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында кешенді жоспарлар түзілді.


Ауданда жүзеге асып жатқан құрылыс жұмыстары жөнінде аудан әкімі Төлеген Телғараевтың қатысуымен өткен жиында құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ерхасен Тілеубердиев баяндады. Бөлім басшысының сөзіне сүйенсек, Ленгір қаласының І мөлтек ауданында тоғыз 60 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын жүргізуге құны 7 млрд. 755 млн. теңгенің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, қаржыландыруға тиісті салалық басқармаларға жолданған.


Сондай-ақ, Алатау мөлтек ауданында 3-кластағы тұрғын үйлердің құрылысын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп, сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде. Екі жобаның құжаттары демеушілер есебінен дайындалған. Бұған қоса, Ленгір қаласындағы Базарная және Қ.Дүйсемұратұлы көшелеріндегі 40 және 30 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге аудан бюджетінен 10 млнн теңге қаралған.