ТҮРКІСТАН: Төлебиде 500-дей нысан «Ashyq» жүйесіне қосылған

0
430

Сырқаттанудың деңгейі өткен аптамен салыстырғанда 1,4 есеге төмендеді.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде 500-дей нысан «Ashyq» жүйесіне қосылған

Төлеби ауданында «Ashyq» жобасымен барлығы 493 нысан жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданы бойынша бүгінгі күнге дейін 37872 адам ПЦР тексеруден өтсе, короновируты инфекция 973 адамнан анықталған, науқастардың 599 симптомды, 374 симптомсыз. Сырқаттанудың деңгейі өткен аптамен салыстырғанда 1,4 есеге төмендеді. Қыркүйек айының алғашқы аптасында 27 жағдай анықталды. Вирусты пневмониямен 165 адам ауырып, стационарға жатқызылды.


Короновирусқа қарсы аудан бойынша 54944 адамды алдын-ала вакциналау жоспарланған, осы орайда «СпутникV», «Qaz vak in», «Hayat Vax», «КоронаВАК» , «Синофарм» вакциналары алынды, қазіргі таңда орталықтарда вакцина жеткілікті. Аудан бойынша вакцинаның І компонентін -51595 алса, ІІ компонентін – 47525 адам қабылдаған. Күнделікті шамамен 30-40 адамға вакцина егілуде.


Карантин режимін бұзып, жұмыс жүргізіп отырған объектілерге және жеке тұлғаларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің І тармағына сәйкес мобильдік топ пен аудандық полиция бөлімінен барлығы 186 баянат түсті, 162 әкімшілік шара: 151 жеке тұлғаға, 1 лауазымдық тұлғаға, 10 жеке кәсіпкерге қолданылды.


Кәсіпкерлік объектілерде «Ashyq» жобасымен барлығы 493 нысан жұмыс жүргізуде, көптеген нысандар жобаға Egov порталы арқылы тіркелуде. Бұл жоба бойынша үй карантиндік режимін бұзу фактілері орын алуда. Есептегі мерзімде «қызыл» статуспен 19 адам анықталып, оның 13-не әкімшілік шаралар көріліп, 568815 теңгеге айыппұл салынды. «Сары» статуспен 10 адам анықталып, оның 6-на қаулы шығарылды.


Қыркүйек айынан бастап барлық 67 мектеп «Ashyq» жобасымен жұмыс жасауда. Оқу жылы басталғалы бері 1 мұғалім, 1 оқушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Бүгінгі таңда карантин қойылған мектеп жоқ.