ТҮРКІСТАН: Төлебиде дзюдодан біріншілік өтті

0
537

«Төлеби ауданының ойындары» жобасы аясында ұйымдастырылған.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде дзюдодан біріншілік өтті

Төлеби ауданы дзюдодан аудандық біріншілік мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданы Ленгір қаласындағы спорттық сауықтыру кешенінде дзюдодан «Төлеби ауданының ойындары» жобасы аясында аудандық біріншілік өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған сайыста ауданның 300 балуаны қызыл кілемнің үстінде күресіп, жеңіс тұғырын сарапқа салды. Спорттық сайыста спортшылар белсенділік танытып, 10 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады.


Спорттық сайыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мадияр Құрбаналиев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Шараның басты мақсаты, ауданымызда дзюдо күресін дамыту. Сондай – ақ жастарды патриоттық сезімге, спортқа баулу.


Жауырыны жерге тимеген аудан балуандары бас қосқан жарыс қорытындысы негізінде жеңімпаздарға Мақтау грамоталарын табыстап, арнайы медаль тақты. Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша, І жүлделі орыннан №3 Төлеби аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі көрінсе, ІІ орынды «Алмас қылыш» спорт клубы, ІІІ орынды №2 Төлеби аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері ұтып алды.