ТҮРКІСТАН: Төлебиде қосалқы станция құрылысы жүргізіліп жатыр

0
541

Нысандар сапалы электр энергиясымен қамтылады деп күтілуде.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде қосалқы станция құрылысы жүргізіліп жатыр

Төлебиде қосалқы станция құрылысы қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласының аумағы кеңейіп, шағынаудандарда тұрғын үйлер саны артып келеді. Қажетті инфрақұрылым жүйелерін реттеу мәселесіне де сұраныс өсе түскен. Қазіргі таңда қаланың электр жарығының қуаттылығын арттырып, ауыз су мөлшерін көбейту мақсатында жұмыстар жүргізілуде.


Ленгір қаласы тұрғындарының сұранысына сай электр жүйелерінің қуаттылығын арттыру мақсатында «Алатау» мөлтек ауданында қосалқы станцияның құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.


Қуаттылығы – 110 кВ ӘЖ бар ҚС-110/10. Қосалқы станция құрылысына республика бюджеттен 2 млрд. 169 млн. теңге қаржы қарастырылып, арнайы 2,0 га жер бөлінді. Іске қосылған жағдайда аудан орталығының «Қазығұрт», «Самал», «Алатау», «Шаңырақ» мөлтек аудандарындағы жеке тұрғын үйлер, сондай-ақ әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар сапалы электр энергиясымен қамтылады деп күтілуде.


Аудан әкімі Төлеген Телғараев «Алатау» мөлтек ауданындағы қосалқы станцияның құрылыс алаңында мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, жұмысты сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.