ТҮРКІСТАН: Төлебиде өнеркәсіп саласының өнім көлемі артқан

0
597

20 кәсіпорын, 2 ірі және орта, 15 шағын және 3 қосалқы кәсіпорындар жұмыс атқаруда.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде өнеркәсіп саласының өнім көлемі артқан

Төлеби ауданында өнеркәсіп саласында өнім көлемі артуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданының өнеркәсіп саласында 20 кәсіпорын, оның ішінде 2 ірі және орта, 15 шағын және 3 қосалқы кәсіпорындар жұмыс атқаруда. Өнеркәсіп саласында 2021 жылдың 11 айында 42 млрд998 млнтеңгенің өнімі өндірілді.


Атап айтсақ, «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы» аясында 2022 жылға Ленгір қаласынан құны 550 млн. теңгеге арнайы жұмыс киімдер тігетін «KAZPLAST» ЖШС-гі 1,12 га жер теліміне жаңа тігін фабрикасын салу жобасын іске қосу жоспарлануда. Жобаның қуаттылығы – жылына 90 мың қыстық және 150 мың жаздық арнайы жұмыс киімдерді тігу. Нәтижесінде 250 жаңа жұмыс орыны құрылады. Бүгінгі күні құрылысқа қажетті құжаттар дайындалуда.