ТҮРКІСТАН: Төлебиде спорттың 5 түрінен чемпионат өтті

0
676

Түркістан көпсалалы техникалық колледжі жеңіске жетті.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде спорттың 5 түрінен чемпионат өтті

Төлебиде спорттың 5 түрінен аудандық колледждердің чемпионы анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданының – 90 жылдық мерейлі мерекесіне және Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен патриоттық рухты көтеру, ауданымыздың колледж студенттері арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Спорт – денсаулық кепілі» атты спорттың 5 түрінен (волейбол, үстел теннисі, гір тасын көтеру, қол күресі, арқан тартысы) колледж студенттері арасында спартакиада ұйымдастырылды.


Спорттық іс-шара ҚР Әнұранымен ашылып, жарыс қонақтары аудандық маслихат депутаты, «Аманат» партиясы жастарды қолдау қоғамдық кеңесінің төрағасы М. Тұрымбетов, Түркістан көпсалалы техникалық колледжі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Жолшыбеков, аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға УПИ полиция майоры М.Камалов және аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы П. Ескулов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.


Жарыс нәтижесі бойынша волейбол, үстел теннисі, арқан тартыс және гір тасын көтеру спортынан бірінші орынды Түркістан көпсалалы техникалық колледжі иеленсе, қол күресінен «Мейір-Бейс» медициналық колледжі жеңімпаз атанды. Жалпы командалық есеп бойынша аудандық колледждер арасында Түркістан көпсалалы техникалық колледжі жеңіске жетті.