Жас суретшілер әсем табиғатты бейнеледі.
Төлебиде «Табиғаты тұнған өлкем» суретшілер байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Төлеби ауданы, Қасқасу ауылдық округінде КСРО суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан сурет өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Еркін Айтбаевтың 75 жылдық мерейтойына орай, салтанатты жиын өтті. Қылқалам шеберінің құрметіне мектеп оқушылары арасында «Табиғаты тұнған өлкем» атты жас суретшілер байқауы ұйымдастырылды.
Керегетас елді мекенінде ұйымдастырылған байқауға қатысушылар Алатау баурайында, табиғат аясында шабыттана отырып, сурет салды.Жастар бойына Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға, жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу мен оларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған байқаудың ашылу салтанатында сөз сөйлеген ауданәкімінің орынбасары шараның маңыздылығын әңгімелеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Кез келген елдің атақ-даңқын шығаратын – сол елде туып өскен талантты тұлғалары мен дарынды жастары екенін айтқан Сержан Дауылбайұлы дарынды жастар үнемі мемлекет қолдауына иеболатынын, байқауға қатысушылар арасында ауданыныңабыройын асқақтатып,болашақта Төлеби жерін әлемге танытатын суретшілер тәрбиеленетініне сенімі мол екенін жеткізді.
Байқауда жас суретшілер ауданымыздың әсем табиғатынбейнеледі. Ал әділ қазылар жүлдегерлерді анықтау барысында олардың ой ұшқырлығына, идеялық мазмұнына, композициялық шешіміне, шеберлігіне баса мән берді. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған талантты жастарға диплом мен арнайы сыйлықтар табыстады.