ТҮРКІСТАН: Төлебилік кәсіпкер 600 бас жылқы бағып отыр

0
601

Жыл соңына дейін жылқы санын 1000-ға жеткізбек.


ТҮРКІСТАН: Төлебилік кәсіпкер 600 бас жылқы бағып отыр

Төлеби ауданында мал бордақылау алаңдары артып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданының Көксәйек ауылдық округінде орналасқан «АДС-АГРО» ЖШС мал бордақылау алаңын кеңейтіп, жылқы санын көбейтуді қолға алған. Кәсіпкер Пірімхан Жүнісов бұл саланы дамыту үшін мемлекет көмегіне жүгінген. Серіктестік алғашқы кезде «ҚазАгро» қаржы ұйымынан 214 млн теңге несие алып, мал бордақылау мақсатында ірі қара сатып алған. Кейіннен, «ҚазАгро» АҚ-нан жеңілдетілген несие алып, жылқы басын көбейтуді қолға алған екен.


Қазіргі таңда серіктестік 18 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтуда. Жалпы 18 гектар аумақта орналасқан кешенде қазіргі таңда 600 бас жылқы өсірілуде. Кәсіпкер жыл соңына дейін жылқы санын 1000-ға жеткізуді көздеп отыр.