ТҮРКІСТАН: Төлебилік тұрғын жеңіл аяқ киім тігіп жатыр

0
457

Мемлекеттік грант алу комиссиясында бизнес-жобасын сәтті қорғап шыққан.


ТҮРКІСТАН: Төлебилік тұрғын жеңіл аяқ киім тігіп жатыр

Төлебилік жас кәсіпкер жеңіл аяқ киім тігуді қолға алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында бірқатар іс-шаралар қолға алынған. Кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өз ісін дөңгелетуге, өндірісті жолға қоюға және дамытуға мүмкіндік беретін мемлекеттік грант бөлініп келеді.


Мәселен, «Халықты жұмыспен қамту орталықтарына» үміткерлердің жолдаған өтініштері комиссияда қаралып, оның шешімі негізінде грант тағайындалады. Нәтижесінде, грант иегерлері кәсібін ашып, өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік алады.


Сондай мемлекеттік қолдауға ие болған жас кәсіпкерлердің бірі – Төлеби ауданы, Көксәйек ауылының тұрғыны Рыстай Балжан. Ол 2022 жылы аудандық «Халықты жұмыспен қамту орталығына» жұмыссыз ретінде тіркелген. «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері бойынша онлайн негізіндегі оқу курсын аяқтап, «Бизнес» сертификатын алған.


Содан соң, «Аяқ киім тігу» бизнес жобасын дайындап, мемлекеттік грант алу комиссиясында «29 жасқа дейінгі жастар» санатымен бизнес-жобасын сәтті қорғап шыққан. Жоба мақұлданып, жас кәсіпкер 1 225 200 теңге мөлшеріндегі мемлекеттік грантқа ие болады. Сөйтіп, ол жаздық жеңіл аяқ киім тігу үшін қажетті құрал-жабдықтарын сатып алып, өз жеке кәсібін бастап кетті.