Тауар түрлері тұрғындарға 15-20 пайыз арзан бағада ұсынылды.
Түлкібаста тұрғындарға нарықтық бағадан арзан бағада азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түлкібас ауданының орталығында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мол өнімді тиімді бағада алған аудан тұрғындары шаруалардың еңбегіне дән риза екендіктерін жеткізді.
Атап өтсек, жәрмеңкеде қой еті 1970, сиыр еті 1970, І сорт ұны 8800 теңге, күрке тауық еті 1200, нан 75 теңгеден және басқа да тауар түрлері тұрғындарға 15-20 пайыз арзан бағада ұсынылды.