ТҮРКІСТАН: Түлкібаста сапалы жолдар саны артып келеді

0
652

36 шақырымды құрайтын 30 ішкі көше жөндеуден өтті.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста сапалы жолдар саны артып келеді

Түркістан облысындағы жолдар жөндеуден өткізіліп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Түлкібас ауданында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің ұзындығы 827,9 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 59 шақырым болса, облыстық маңызы бар жолдар – 242,9 шақырымды құрайды. Ал, аудандық маңызы бар жолдар - 96,6 шақырым, елді мекен көшелері - 429,4 шақырымға тең.

«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Түлкібас және Састөбе кенттерінің 36 шақырымды құрайтын 30 ішкі көшелеріне 888,3 млн. теңгеге күрделі және орташа жөндеуден өтті.

Облыстық бюджеттен 2019 жылдан өтпелі аудандағы 193,5 млн. теңгеге Тастыбұлақ, Көксағыз, Майтөбе, Қожамберді ауылдарының 10,5 шақырымына күрделі жөндеу, аудандық бюджеттен 221,5 млн. теңгеге 12 елді мекеннің 17,2 шақырым ішкі көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жалпы аудан көлемінде аудандық және ауылдық елді мекендердің ішкі көшелерінің 63,7 шақырым жолдары күрделі және орташа жөндеуден өткізілуде. Нәтижесінде аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 57,3 пайыздан 64 пайызға, елді мекен көшелерінің үлесі 67,8 пайыздан 80,2 пайызға жақсарады деп күтілуде.