ТҮРКІСТАН: Түлкібаста төтенше жағдайдың алдын алу шаралары өтіп жатыр

0
1 434

Жылу беру маусымына байланысты төтеншеліктер түсіндірме жұмыстары қараша айының 5-ші жұлдызынан бастап қолға алды.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста төтенше жағдайдың алдын алу шаралары өтіп жатыр

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында жылу беру маусымының алдында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биылғы жылдың қараша айының 5-ші жұлдызынан бастап, аудан әкімдігінің жанынан құрылған Төтенше жағдайлар комиссиясы аудан тұрғындарына жаңа жылу беру маусымының алдында улы газдан уланудың және өрт қауіпсіздігін алдын-алу бойынша елді мекендерді аралап түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Түсіндірме жұмыстарына Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Б.Ахметов, Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б. Азимбаев жекеқұрамымен, Шақпақбаба ауылдық округінің әкімі А.Мусралиев, №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығының орынбасары азаматтық қорғау капитаны Ж.Тұрған 20 жеке құрамымен, Түлкібас ауданының полиция бөлімінің учаскелік инспекторы полиция капитаны К.Кендирбаев, газшаруашылығының және Ішкі саясат бөлімі мамандары қатысты.

Шақпақ ауылдық округінен бастау алған түсіндіру шаралары барысында Бағысбеков, Толымбек, Айманбектов, Мамедов көшелері бойында орналасқан тұрғынүй секторларында тұрғын үйлердің егелерімен жылыту маусымы кезінде улы газбен уланудың алдын алу және тұрмыстағы өрт қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 1200 тұрғынға қауіпсіздік шаралары түсіндіріліп, 720 дана ескертпе парақшалары таратылды.