ТҮРКІСТАН: Түлкібастық бағбаншылар шетелдік маманның әдісімен алма өсіреді

0
2 269

Польшалық маман Адам Поплоньски Түркістан облысына бау-бақша және алма бизнесі саласындағы өз тәжірибесімен бөлісуге келді.


ТҮРКІСТАН: Түлкібастық бағбаншылар шетелдік маманның әдісімен алма өсіреді

Түлкібастық кәсіпкер бау-бақша саласын дамыту мақсатында "Аға сеньорлар" жобасы аясында шетелдік маманның тәжірибесімен алмасты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Еуропа мен Азия елдеріндегі аграрлық кешеннің жұмысын жақсартуды мақсат еткен «Poplonski Trading Company» компаниясының басшысы, Польшалық маман Адам Поплоньски Түркістан облысына бау-бақша және алма бизнесі саласындағы өз тәжірибесімен бөлісу үшін келді.

«Польшадан келген маман Адам Поплонски екі апта ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылығына қарқынды жоғары сапалы бақтар өсіруге, өсімдіктерді қорғаумен, өнімдерді сақтаумен және осы логистикалық процестермен байланысты жұмыстарды жолға қоюға көмектеседі. Ол "Аға сеньорлар" бағдарламасы бойынша шақырылған, ол қандай да бір салада шетелдік тәжірибе алмасуды білдіреді. "Аға сеньорлар" жобасы бизнесмендер үшін өте ыңғайлы. Қабылдаушы тарап көліктік, тәуліктік шығыстарды төлейді, ал шетелдік маманның ұшып келуі мен кеңес беру төлемін мемлекет өзіне алады. Ал жобаны жүзеге асыруды Кәсіпкерлер Палатасы қолға алады", - деп атап өтті Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы бизнесті қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Жанна Тілеубекова.

Түлкібас ауданы алма бақтарында өсірілген жемістер дәмдік және тұтынушылық қасиеттерімен танымал.

Кәсіпорын басшысы Бақыт Құрманбеков бұл кәсіпорынды 2013 жылы құрған. "Кентау" ЖШС-нің алма баулары 190 гектардан аса жерді алып жатыр. Кәсіпорын директорының айтуынша, алдымен тау бөктеріндегі жер егіншілікке жарамсыз болған, бірақ 2 жыл бағбандар оны мұқият тазалап, су тартқызып, тамшылатып суару жүйесін құрастырып, содан кейін ғана алғашқы ағаштар отырғызды. Мұнда алманың 40 түрі өсіріледі. Көшеттер Италия, Түркия және Польшадан әкелінген. Шаруа қожалығының жоспарында алма бақшасының алаңын 600 га дейін ұлғайту көзделген.

"Бұл өте күрделі бизнес. Үлкен көңіл мен шығынды талап етеді. Алма бақтары жылына 365 күн тұрады және оған тұрақты күтім қажет. Кейбір ағаштар жеміс бермейді және бұл, әрине, біз үшін шығын. Біз "БЖК-2020" бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, "Аға сеньорлар" жобасы арқылы дұрыс бағытта жұмыс жасап жатқандығымызды түсіну үшін Адам Поплоньскийді шақыруға шешім қабылдадық. Біздің барлық жобаларымыз бойынша оның сараптамалық қорытындысын алып, әрине, оның тәжірибесін қолданғымыз келеді",-деді Бақыт Құрманбеков.

Естеріңізге сала кетейік, "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының "Аға сеньорлар" компоненті экономиканың басым секторларында өз қызметін жүзеге асыратын жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға шетелдік сарапшыны өз кәсіпорынына шақыруға және кәсіби ұсыныстар алуға мүмкіндік береді.

Экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарының жоғары және орта буынының басшылары бұл жобаның қатысушысы бола алады.