Есік алдын, су келетін арығын толық тазалап, жер аудару жұмыстарын атқарды.
Түлкібаста ерікті жастар жалғызбасты қарттардың ауласын тазалауға көмек беруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түлкібас ауданында “Өнегелі ұрпақ” апталығы аясында аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың тапсырмасына сәйкес жалғызбасты қарттардың үйіне барып көмек беру акциясы бастау алды.
Осы орайда, бүгін аудандық “Жастар ресурстық” орталығының бастауымен ерікті жастар жалғызілікті қарт ана Любовь Коваленконың үйіне арнайы барып, есік алдын, су келетін арығын толық тазалап, жер аудару жұмыстарын атқарды.
Қария арнайы ат басын бұрып келген жастарға ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.
Дәл осындай игі шара аудан аумағындағы барлық елді мекенде жалғасын табады.