ТҮРКІСТАН: Түлкібастық омарташы жылына 800 келіге жуық бал жинайды

0
1 697

Түлкібас ауданында 1436 бал ара омартасы тіркелген.


ТҮРКІСТАН: Түлкібастық омарташы жылына 800 келіге жуық бал жинайды

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында омарташылық кәсіпке қызығушылар саны жыл санап артып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түлкібас ауданында омарташылық кәсіпке қызығушылар саны артып, бүгінде аудан бойынша 21 бал ара шарушылығында 1436 бал ара ұясы тіркелген.

Осы саланы жете меңгерген Түлкібас ауданына қарасты Шақпақ-баба ауылының тұрғыны Нұрақбай Тәжіқұлов жылына 800 келіге дейін табиғи таза бал алатынын айтты.

"Менің негізгі мамандығым жүргізуші. Омарташылық кәсіпке сонау 1968 жылдары мектеп оқып жүргеннен бері қызығушы едім. Көршіміз бал араларын асырап, әсел алатын. Сол көршімізге көмектесіп жүріп, омарташылықтың қыр-сырын үйрендім. Қазіргі таңда өзіміздің отбасылық кәсіпке айналып отыр. Бүгінде қожалығымызда 61 бал омартасы бар. Осы 61 бал омартасынан жылына 700-800 келіге дейін табиғи таза әсел жинап, еліміздің әр өңіріне өткізіп, тиімді жолмен еңбектеніп келемін. Қуантарлығы еңбек еш зая кетіп жатқан жоқ. Бал арасына сұраныс көп. Себебі, бал арасының пайдасы өте жоғары. Әсіресе, денсаулыққа пайдасы көп", - деді шаруа төрағасы.

Алдағы уақытта шаруа төрағасы мемлекет тарапынан женілдетілген несиелерді пайдалынып, омарта саның 120 жеткізуді көздеп отырғанын да жасырмады кәсіпкер.