Қазгидромет тұрғындарға ескерту жасады.
Қазгидромет Түркістан облысы тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы мен Шымкент қаласының аумағында шаңды тұман түсіп, жұртшылықтың ерекше назарын аударып отыр. Бұл туралы мәлімдеме жасаған ресми өкілдер алдымен жел әсерінен шаң көтеріліп, артынша түскен тұманмен шаңның ауада тұрып қалғанын айтқан болатын. Енді 5 қараша күні күндіз және 6 қарашада тәулік бойы Түркістан облысының тау бөктерлі және оңтүстік аудандарында тұман сақталатыны анықталды. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Айта кетейік, Қазгидромет 5-6 қараша күндері Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтілетінін хабарлаған.
"Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, тау және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с, 5 қарашада таулы аудандарда екпіні 23-28 м/с. Түркістан қаласы бойынша 5 қарашада шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі" - делінген хабарламада.